Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 1 ақпандағы № 153 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 1 ақпандағы № 153 қаулысы

Қазақстан Республикасының 07.08.02 ж. № 833 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссияның жұмысын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 298-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже:

10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардан мемлекеттік органның бiрiншi басшысының орынбасары деңгейiнде мәртебесi бар өкiлдер енгiзiледi, қоғамдық бiрлестiктерден шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн саны кемiнде үштен бiрiн құрайтын республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.";

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов




 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку