Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Халықаралық көрмелер дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 тамыздағы № 1025 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Халықаралық көрмелер дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 3 тамыздағы № 1025 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Халықаралық көрмелер дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Кәсіпорынның ағымдағы қызметімен байланысты шығыстар шегеріліп, Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруға бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)

3) «2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын.

4. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халықаралық көрмелер дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 желтоқсандағы № 1988 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции