Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 12 шілдедегі № 944 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 12 шілдедегі № 944 қаулысы

ҚР Үкіметінің 24.11.04 ж. № 1232 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.";

18-тармақ:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";

5) тармақша "құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi" деген сөздерден кейiн "және аумақтық органдар туралы үлгілiк ережелердi" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку