Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 111 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы
15 қарашадағы № 400 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 20 сәуірдегі  № 111 қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 400 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және Нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

     2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастырy туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку