Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өндірістік кооперациялар кәсіпорнының және салаларының дамуын қолдаудың жалпы шарттары мен тетігі туралы Келісімге сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің Тәртібі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 15.02.01 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
Келісілді | Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
Мемлекеттік кіріс министрі | Кеден комитетінің |
2001 жылғы 15 ақпандағы
2001 жылғы 15 ақпанда | № 51 бұйрығымен |
бекітілді
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердiң өндiрiстiк кооперациялар кәсiпорнының және
салаларының дамуын қолдаудың жалпы шарттары мен тетігі
туралы Келісімге сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы өткізудің
Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достығына қатысушы мемлекеттердiң өндiрiстiк кооперациялар кәсiпорнының және салаларының дамуын қолдаудың жалпы шарттары мен тетігі туралы Келісімге сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің осы Тәртібі (бұдан әрi - Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң өндiрiстiк кооперациялық кәсiпорындары мен салаларын дамытуды қолдаудың жалпы шарттары мен механизмi туралы Келісімдi және осы Келісімдi жүзеге асырудың механизмi туралы Хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы" (бұдан әрi - орынды жерлерде Келісім мен Хаттама) 1995 жылы 4 шiлдедегi қаулысын жүзеге асыру мақсатында әзiрленген.
2. Осы Тәртіпте берiлетiн ұғымдар:
тауарлар ретiнде - салалық және сала аралықта қолдану технологиясы жағынан өзара байланысты және түпкiлiктi өнiмдi бiрлесiп жасау үшiн қажет шикiзат, материалдар, тораптар, тетiктер, қосалқы бөлшектер, дайындамалар, дүмбiлтағамдар, құрастырмалы және өзге бұйымдар деген түсiнiк бередi;
уәкiлеттi тұлғалар ретiнде - өндiрiстiк кооперация туралы салалық және (салааралық) келісімдердi жүзеге асыру жөніндегі жекеленген жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен уәкiлеттенген кәсiпорындар немесе ұйымдар деген түсiнiк бередi.
3. Осы Ереженiң күшi экспорттық бақылауға жататын тауарларға таратылмайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа