Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Ішкі кедендік транзиттің рәсімі туралы нұсқаулық (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 15.02.01 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Келісілді

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігі

Мемлекеттік кіріс министрі

Кеден комитетінің

2001 жылғы 15 ақпандағы

2001 жылғы 15 ақпанда

№ 51 бұйрығымен

бекітілді

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды

Ішкі кедендік транзиттің рәсімі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

1. Ішкі кедендік транзиттің рәсімі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" (бұдан әрі - Кеден ісі туралы заң) Қазақстан Республикасы Заңының 165, 166-баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік бақылаумен алып жүрген кезде олардың жеткізіліміне бақылау жасаудың тәртібін белгілейді.

2. Осы Нұсқаулықта төмендегі атаулар мыналарды білдіреді:

ішкі кедендік транзиттің рәсімі (бұдан әрі - ІКТ рәсімі) - Қазақстан Республикасының жіберуші кеден органынан бастап жеткізілетін кеден органына дейін кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдаудың белгіленген тәртібі;

жіберуші кеден органы - Қазақстан Республикасының кеден органы, онда ІКТ рәсімі бойынша тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдау басталады;

жеткізілетін кеден органы - Қазақстан Республикасының кеден органы, онда ІКТ рәсімі бойынша тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдау аяқталады;

аралық кеден органы - Қазақстан Республикасының кеден органы, онда ІКТ рәсімі бойынша тауарлар тасымалдайтын көлік құралдарына немесе контейнерлеріне ішінара үстеме жүк тиеу немесе түсіру жүргізіледі;

жүгі ауыр немесе көлемі үлкен тауарлар - әдетте өзінің салмағына, көлеміне немесе сипатына байланысты жабық көлік құралында немесе жабық контейнерде тасымалданбайтын кез келген ауыр немесе көлемді зат;

отандық тауарлар - Қазақстан Республикасының шығатын тауарлар немесе Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналысқа жіберілген тауарлар;

тасымалдаушы - iс жүзiнде тауарды алып жүретiн немесе көлiк құралын пайдаланғаны үшiн жауапты болып табылатын адам.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку