Жедел жеткізілімдер кезінде тауарларды кедендік ресімдеу Ережелері (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)
Келісілді | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Жедел жеткізілімдер кезінде тауарларды кедендік
ресімдеу Ережелері
1. Осы Ережелерде жедел жеткiзiлiмдер кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртібі анықталады.
2. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 160-бабына сәйкес табиғи апаттар, авариялар, катастрофалар, тiрi жануарлар, тез бұзылатын тауарлар, радиоактивтi материалдар, хабарламалар және бұқаралық ақпарат мақсаттарындағы материалдар кезiнде қажеттi болатын тауарларды кедендiк ресiмдеу оңайлатылған тәртiпте жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының кедендiк органдары жедел жеткiзiлiмдер кезiнде тауарларды уақытша сақтауға орналастырмастан кедендiк ресiмдеуден өткiзедi.
4. Жедел жеткiзiлiмдер кезіндегі мәлiмдеу кедендiк органға өтiнiш және кедендiк органға кедендiк жүк мәлiмдемесiн кейiнірек берумен уақытша кедендiк мәлiмдеме болып саналатын тауарлармен бiрге жiберiлетiн құжаттар беру арқылы жүзеге асырылады.
Өтiнiште тауар жiберушiлер және тауар алушылар, жiберушi және тауарлар жiберiлген елдер, тауарлардың атауы, сипаттамасы, саны, брутто-салмағы және құны, тауарларды пайдалану мақсаттары туралы мәлiметтер, сондай-ақ әкелiнетiн тауарлар тартылатын олардың кедендiк режимi, белгiленген мерзiмдерде кедендiк жүк мәлiмдемесiн, кедендiк мақсаттарға қажеттi құжаттарды беру туралы мiндеттеме болуы тиiс.
Кедендiк жүк мәлiмдемесi кедендiк органға кеден тауарлардың шығуы күнiнен бастап 30 күннен кешiктiрместен жiберiледi.
Жедел жеткiзiлiмдердi кедендiк ресiмдеу кезiнде Қазақстан Республикасының кедендiк органы тауармен бiрге жүретiн құжаттарды және мәлiмдеушiнiң өтiнiшiн қабылдаған күнi күшiнде болатын нормативтiк құқықтық кесiмдер қолданылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа