Кедендік ресімдеу жөніндегі маманға біліктілік аттестатын берудің ережесі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды) (ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 14.11.02 ж. № 98 бұйрығымен енгізілген өзгерістреімен)
Келісілді | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Кедендік ресімдеу жөніндегі маманға біліктілік
аттестатын берудің ережесі
(ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 14.11.02 ж. № 98
бұйрығымен енгізілген өзгерістреімен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманға біліктiлiк аттестатын берудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманға (бұдан әрi - маман) қойылатын біліктiлiк талаптарын, біліктiлiк аттестатын (бұдан әрi - аттестат) беру туралы өтiнiштi қараудың, аттестаттарды берудiң, қайтарып алудың, қайта тiркеудiң, аттестаттардың қолданысын тоқтатудың, аттестатты жарамсыз деп танудың тәртібін белгiлейдi.
2. Маман өзiнiң қызметiн "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Кеден iсi туралы заң), Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 556 қаулысымен бекітілген Кедендiк брокер туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Маман өзi штатында тұратын кедендiк брокердiң атынан кедендік ресімдеу жөніндегі іс-қимылды жасауға құқылы.
4. Кедендiк брокер мен маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын жеке дара еңбек шартының негiзiнде құрылады .
5. Мамандардың тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) жүргiзедi.
2. Маманға қойылатын біліктiлiк талаптары
6. Бiлiктiлiк емтиханын тапсырған және Кеден комитетiнiң аттестатын алған ортадан төмен емес білімi бар отандық жеке тұлға маман бола алады.
7. Бiлiктiлiк емтиханы мынадай тақырыптар бойынша өткiзiледi:
кеден iсi;
азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық, халықаралық құқық негiздерi;
салықтық, валюталық заңдардың негiздерi.
Документ утратил силу
Демо – версия документа