Мамандарды кедендік ресімдеу бойынша аттестация жүргізу жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің Орталық комиссиясы туралы ереже (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)
Келісілді | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Мамандарды кедендiк ресiмдеу бойынша аттестация
жүргiзу жөніндегі Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң
Орталық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мамандарды кедендiк ресiмдеу бойынша аттестация жүргiзу жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң Орталық комиссиясы туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Мамандарды кедендiк ресiмдеу бойынша аттестация жүргiзу жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi Орталық комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) жұмыс тәртібін, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманның біліктiлiк аттестатын алу үшiн біліктiлiк емтихандарды өткізудiң тәртібін анықтайды.
2. Комиссия кедендiк ресiмдеу бойынша мамандарды (бұдан әрi мамандар) даярлау және аттестациялау жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң (бұдан әрi - Кеден комитетi) жалпы саясатын және жұмысын үйлестiру мақсатында құрылады және iс-қимыл жасайды.
3. Комиссияның персоналдық құрамын Кеден комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.
4. Комиссия өз қызметiн өтеусiз негiзде жүзеге асырады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары және құқықтары
5. Мамандарды даярлау және аттестациялау жөніндегі Кеден комитетiнiң саясатын құрастыру және iске асыру Комиссияның мiндетi болып табылады.
6. Мiндеттерге сәйкес Комиссия төмендегiдей функцияларды iске асырады:
бағдарламаларды, сондай-ақ біліктiлiк емтихандарды, мамандарды аттестациялауды өткізудiң тәртібін құрастыру;
біліктiлiк емтихандарға тестiлер мен сұрақтарды құрастыру және бекіту;
біліктiлiк емтихандарды өткізу орны мен уақыты туралы мәлiметтердi жариялауды қамтамасыз ету;
біліктiлiк емтихандардың хаттамаларын қарау және бекіту, олардың негiзiнде аттестат беру туралы шешiм қабылдау;
мамандардың тiзбесiн аттестаттарды керi шақыру және күшiн уақытша тоқтату туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жүргiзу;
Документ утратил силу
Демо – версия документа