Уақытша сақтау орындарына қойылатын міндетті талаптар туралы нұсқаулық ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды) (ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 06.01.03 ж. № 3 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Келісілді |
| Бекітілді |
Қазақстан Республикасының |
| Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі |
| Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан |
| Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
(Бұрынғы ред. қара)
Уақытша сақтау орындарына қойылатын міндетті
талаптар туралы нұсқаулық
(ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 06.01.03 ж. № 3
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Уақытша сақтау орындарына қойылатын мiндеттi талаптар туралы осы нұсқаулық (бұдан әрi - нұсқаулық) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптарды анықтайды.
2. "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" (бұдан әрi - "Кеден iсi туралы Заң") Қазақстан Республикасы Заңының 171-бабына сәйкес кедендiк бақылау аймағындағы арнайы бөлiнген және жайғастырылған үй-жайлар, ашық алаңқайлар, көлiк құралдары немесе өзге де орындар (уақытша сақтау қоймалары, кедендiк қоймалар, бос қоймалар) тауарлар мен көлiк құралдарының уақытша сақтау орындары болып табылады.
3. Уақытша сақтау орындарын айқындау мақсаттарында кедендiк бақылау аймақтарын құруды және кедендiк бақылау аймақтарының шекараларын белгiлеудi Қазақстан Республикасының кедендiк органдары белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
4. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу сәтiнен бастап және оларды шығаруға дейiн кеден бақылауынан жүзеге асырудың қажеттiлiгі мен жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету өлшемiне немесе таңдалған кеден режимiне сәйкес тұлғаға билiк етудi беруге байланысты белгiленедi.
2. Уақытша сақтау қоймаларына қойылатын талаптар
ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 06.01.03 ж. № 3 бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5. Уақытша сақтау қоймасының (бұдан әрi - УСҚ) құрастырылуы, жайғастырылуы және жабдықталуы төмендегi талаптарға сәйкес болуы қажет:
Документ утратил силу
Демо – версия документа