Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың алдын-ала жасалатын операциялар сатысында есеп құжаттарын ұсынуының ережесі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)
Келісілді | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiне
қатысушылардың алдын-ала жасалатын операциялар
сатысында есеп құжаттарын ұсынуының
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiне қатысушылардың алдын-ала жасалатын операциялар сатысында есеп құжаттарын ұсынуының ережесi (бұдан әрi - Ереже) тауарлар мен көлiк құралдарын негiзгi кедендiк ресiмдеудi жүргiзудi жеңiлдету мен жеделдетудi және оларды белгiлi бiр кедендiк режимге орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебiн (бұдан әрi - есеп) жүргiзуiнің рәсiмiн айқындайды.
2. Есеп жүргiзуге сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.
Бұл ретте есеп жүргiзу сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны (бұдан әрi - СЭҚ-ға қатысушы) мемлекеттік тiркеген жер қызмет аймағында орналасқан кеден органында жүзеге асырылады.
3. Есептi мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттік тiркелгендiгi туралы куәлiк;
2) заңды тұлғаның КҰЖЖ (кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi) кодтарын көрсете отырып статистика басқармасы берген статистикалық кәртiшкенің;
3) салық төлеушiнің тiркеу нөмiрiн көрсете отырып салық органы берген тiркелгенi туралы анықтама;
4) банктен теңгемен және (немесе) валютада шоттар ашқандығы туралы анықтаманың негiзiнде тиiстi кеден органы жүргiзедi.
4. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың көшiрмелерi оның түпнұсқасы қоса ұсынылған жағдайда нотариалды түрде расталмауы мүмкiн. Бұл ретте құжаттардың көшірмелерін оларды түпнұсқасымен салыстыруды жүргiзгеннен кейiн кеден органы растайды.
Есеп үшiн ұсынылған құжаттар нөмiрленедi және арнайы папкiге тiгiледi.
Документ утратил силу
Демо – версия документа