Міндетті сертификаттауға жататын тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың ережелері (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)
Келісілді | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда
министрлігінің Стандарттау, метрологиялау және
сертификаттау жөніндегі комитетінің төрағасы
2001 жылғы 15 ақпан
Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды
кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
1. Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) лицензиялау туралы заңдарға , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) Заңының 153 және 203-баптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау және мiндеттi сертификаттауға жататын тауарлардың тәртібін анықтайды.
2. Өнiмнiң сертификатталуын жүргiзу тәртібі мен ережелерiне қойылатын жалпы талаптар "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16-қарашада шыққан "Кеден одағы туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтiк, санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық және экологиялық стандарттар, нормалар, ережелер мен талаптар" № 1716 қаулысымен бекітілген.
3. Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
4. Әкелiнген тауарлардың стандартқа, техникалық регламентке немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген өзге де нормативтiк құжаттарға сәйкес келетiнiн растау Қазақстан Республикасының сертификаттың мемлекеттік жүйесiнде аккредитивтелiнген сертификаттау жөніндегі органдардың өнiмдi сертификаттау жолымен, немесе сертификаттау бойынша шетел органдары берген сертификатты мойындау жолымен жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа