Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 25 мамырдағы № 714 қаулысы (күші жойылды)

"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық
акционерлік қоғамының кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 25 мамырдағы № 714 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысымен осы қаулының күші жойылды

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) органдарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қайрат Серікұлы Қырымовтың Қоғам Басқармасының төрағасы (Бас директоры) болып сайлануын;

2) Қоғамның Директорлар кеңесінің қосымшаға сәйкес құрамда сайлануын;

3) осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

2. Мыналардың:

"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 417 қаулысының;

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 506 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 25 мамырдағы

№ 714 қаулысына

қосымша

"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық

акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы

Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі, төраға;

Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ Басқармасының төрағасы (Бас директоры);

Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі;

Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары;

Қырымов Қайрат Серікұлы - "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (Бас директоры).




Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку