Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 653 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N
165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 653 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде:

11-тармақта:

39) тармақша "экспортын" деген сөзден кейін "және соның ішінде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импортын" деген сөздермен толықтырылсын;

мына мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"39-1) заңнамаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын жүктер транзитіне рұқсаттар беру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің жобаларын дайындайды;

39-2) өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі




Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку