Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 541 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 23 сәуірдегі № 541 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы , сондай-ақ Кәсіпорынға қатысы бойынша мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы органы деп белгіленсін.

3. Құпия.

4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:

1) бір айлық мерзімде Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты мекемелердің тізбесінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

«4. «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции