Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 және 2001 жылғы 9 ақпандағы № 214 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 6 сәуірдегі № 452 қаулысы (ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 және
2001 жылғы 9 ақпандағы № 214 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 6 сәуірдегі № 452 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 18.09.02 ж. № 1031 қаулысымен осы қаулының күші жойылды


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 39 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:

12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

"7-1) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;";

мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

"19-1. Төраға және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.";

2) алынып тасталды

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку