Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 355 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 355 қаулысы

Қазақстан Республикасының 07.08.02 ж. № 833 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 298-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ережеге:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Комиссияға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басшылық жасайды";

17-тармақта:

соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"жергілікті атқарушы органдар жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның қызметін үйлестіреді";

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 19 наурыздағы

№ 355 қаулысына

қосымша

"Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

6 шілдедегі № 935 қаулысымен

бекітілген"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның

құрамы

     Жандосов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
     Ораз Әлиұлы             орынбасары, төраға
 
     Имашев                - Қазақстан Республикасы Табиғи
     Берік Мәжитұлы          монополияларды реттеу, бәсекелестікті
                             қорғау және шағын бизнесті қолдау
                             жөніндегі агенттігінің төрағасы
 
     Коржова               - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Наталья Артемовна       вице-министрі
 
     Нефедов               - Қазақстан Республикасының Энергетика
     Петр Петрович           және минералдық ресурстар
                             вице-министрі
 
     Нұрқиянов             - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Төлеухан Мұратқанұлы    шаруашылығы вице-министрі
 
     Палымбетов            - Қазақстан Республикасының Экономика
     Болат Әбілқасымұлы      және сауда вице-министрі
 
     Толқаншынов           - Қазақстан Республикасының Әділет
     Әнуар Құрманбайұлы      вице-министрі
 
     Өмірбаев              - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Әділхан Әбдірахманұлы   және әлеуметтік қорғау вице-министрі
 
     Оразбеков             - Қазақстан Республикасының
     Ғалым Ізбасарұлы        Премьер-Министрі Кеңсесінің
                             Өндірістік сала және инфрақұрылым
                             бөлімі меңгерушісінің орынбасары
 
     Мұхамеджанов          - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Бектас Ғафурұлы         министрлігі Мемлекеттік сатып алу
                             жөніндегі комитетінің төрағасы
 
     Кәнешев               - Қазақстан Республикасының Көлік
     Біржан Бисекенұлы       және коммуникациялар министрлігі
                             Байланыс және ақпараттандыру
                             жөніндегі комитетінің төрағасы
 
     Белоног               - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Анатолий Александрович  сақтау ісі жөніндегі агенттігі
                             төрағасының орынбасары, Қазақстан
                             Республикасының бас Мемлекеттік
                             санитарлық дәрігері
 
     Елшібеков             - Қазақстан Республикасының
     Серікбек Кеңесбекұлы    Мемлекеттік кіріс министрлігі
                             Әкімшіліктендіру департаментінің
                             директоры
 
     Нәубетова             - Қазақстан Республикасы Министрінің
     Рашида Аронқызы         - Қазақстан Республикасының
                             Президенті жанындағы Отбасы және
                             әйелдер істері жөніндегі Ұлттық
                             комиссиясы төрағасы хатшылығының
                             сектор меңгерушісі
 
     Цой                   - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
     Сергей Николаевич       ЖАҚ басқармасының төрағасы
                             (келісім бойынша)
 
     Абт                   - Қарағанды облысы кәсіпкерлер
     Николай Викторович      қауымдастығының президенті
                             (келісім бойынша)
 
     Әділбеков             - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
     Дәурен Зәкенұлы
 
     Бессонов              - Қазақстан Республикасы Жиһаз және
     Евгений Анатольевич     ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары
                             қауымдастығының вице-президенті
                             (келісім бойынша)
 
     Бижкенова             - Астана қаласындағы адвокаттар
     Раушан Ермекқызы        алқасының "Шағын бизнес адвокатурасы"
                             заң кеңесінің меңгерушісі
                             (келісім бойынша)
 
     Казанцев              - Астана қаласы кәсіпкерлерінің
     Павел Олегович          құқықтарын қорғау жөніндегі
                             қауымдастығының президенті
                             (келісім бойынша)
 
     Кәкімжанова           - техникалық ынтымақтастық
     Жарқын Әулиеханқызы     жөніндегі (GTZ) неміс қоғамы
                             өкілінің орынбасары, Қазақстандағы
                             шағын және орта кәсіпкерлікті
                             қолдаудың аймақтық жобасының
                             үйлестірушісі (келісім бойынша)
 
     Касумов               - Қазақстан фермерлер "ҚазАгро"
     Борис Ибрагимович       ұлттық федерациясының президенті
                             (келісім бойынша)
 
     Захаров               - Алматы кәсіпкерлері
     Андрей Михайлович       қауымдастығының вице-президенті
                             (келісім бойынша)
 
     Смагин                - Қазақстанның Рыноктар және
     Алексей Петрович        кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті
                             (келісім бойынша)
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку