Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 29 желтоқсандағы № 1950 қаулысы

"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 29 желтоқсандағы № 1950 қаулысы

"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының 2001 жылға арналған республикалық бюджеті бойынша: 1-қосымшаға сәйкес кірістер - 391 243 591 мың теңге сомасында, алынған ресми трансферттер (гранттар) - 84 680 417 мың теңге, бұрын бюджеттен берілген несиелер бойынша негізгі борышты өтеу - 13 050958 мың теңге, шығыстар - 487 339 468 мың теңге, несиелендіру - 28 914 508 мың теңге, республикалық бюджет тапшылығының шекті мөлшері - 27 279 010 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің болжамды көлемінің 0,9 пайызы мөлшерінде атқаруға қабылдансын.

Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңының 107-бабының 4-тармағына сәйкес жер салығының 2001 жылға арналған базалық ставкасына коэффициенті 1,93 мөлшерінде белгіленсін.

3. 2001 жылы "Өнімдерді бөлу туралы" келісім-шарттар бойынша алынатын өнімдерді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі республикалық бюджетке - 90%, жергілікті бюджетке - 10% есепке алынатын Батыс Қазақстан облысынан басқа, республикалық бюджетке 100% мөлшерінде алынады деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп 2001 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде өтемдік негізде жүзеге асырылатын Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалгерлік ақы түсімдері туралы есеп беру және "Әскери полигондары жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарды іске асыру" республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша оларды жұмсау ережесін белгіленген тәртіппен бекітсін.

5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына мемлекеттік органдардың санын сәйкес келтiру, материалдық-техникалық құралдар мен өзге де мүлiктi қабылдап алу-тапсыру жөніндегі рәсiмдердi аяқтауды белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

2001 жылдың 5 қаңтарына дейiнгi мерзiмде мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламаларға, зейнетақы бағдарламасына және мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, жерлеуге арналған жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылар бойынша бағдарламаларға бағытталған қаражаттан басқа, жылдық тағайындауларды бөлудiң айлық лимиттерiн республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне хабарласын;

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiмен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Республикалық ұланымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiмен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетiмен және Салық полициясы комитетiмен бiрлесiп 2001 жылдың 10 қаңтарына дейiнгi мерзiмде әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жалақысын көтеруге байланысты, осы санаттағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзсiн;

2001 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде 3-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша өткен жылдары республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік несиелердi (қарыз ақшаларды) жергiлiктi атқарушы органдардың өтеуiнен түскен түсiмдердiң айлар бойынша кестесiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;

2001 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде аумақтық бөлiнiсте республикалық бюджетке түсетiн және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң айлар бойынша болжамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігіне хабарласын;

Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру жөніндегі, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін көшіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын 2001 жылғы 26 қарашаға дейінгі мерзімде әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;

заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке түскен бюджеттік алулардың сомасын Қостанай облысының облыстық бюджетіне қайтаруды жүзеге асырсын;

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен, Әдiлет министрлігімен бiрлесiп және Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс Басқармасымен келісім бойынша, 2001 жылғы 20 қарашаға дейінгi мерзімде 1000 млн. теңге сомасында мемлекеттік қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз етуге бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы шешiмнің жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қарауына енгiзсiн;

бюджет ақшасының мақсатты пайдаланылуын тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.

Ескерту. 6-тармақ 6,7-абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

Ескерту. 6-тармақ 8-абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісiм бойынша) қаржыландырудың ерекше тәртібін ескере отырып, ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес 50 "Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша бөлiнетiн бюджет ақшасының пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.

7-1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

2000 жылғы 18 тамыздағы № 22 шартқа сәйкес "Станокжасау зауыты" акционерлік қоғамынан "Өткен жылдардың міндеттемелерін орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен жалпы сомасы 37010 мың теңгеге алынған саны 36 дана токарлық-бұрама кескiш және саны 41 дана ағаш өңдеу станоктары үшiн есеп айырысуды жүргізсін;

2001 жылғы 15 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп (келісім бойынша) шалғай аудандарда орналасқан шекара заставаларында, оқшау жабық гарнизондарда қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшiлердiң (мерзiмді қызметтiң әскери қызметшiлерiнен басқа) және олардың отбасылары мүшелерiнiң ақысы үшiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету тәртібі туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Республикалық ұланымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне почта жөнелтулерi үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi:

2001 жылдың 10 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген жиынтық жылдық тағайындауларды бөлудiң лимиттерi шегiнде шығыстардың жиынтық сметаларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын, сондай-ақ шығыстардың жеке сметаларын бекiтсiн және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге хабарласын;

2-қосымшаға сәйкес анықталған iске асыру нысанына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша қаражаттың жұмсалуын қамтамасыз етсiн;

2001 жылдың 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес iске асыру нысаны "iс-шаралар" ретiнде анықталған бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша iс-шаралар тiзбесiн бекiтсiн;

2001 жылдың 31 қаңтарына дейiнгi мерзiмде белгiленген тәртiппен Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;

2001 жылдың 10 наурызына дейiнгi мерзiмде тиiстi бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң тақырыптық жоспарларын бекiтсiн;

бұрын Қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген, бiрақ 2000 жылы аяқталмаған азаматтық-құқықтық шарттарды мiндеттi түрде қайта тiркей отырып, жылдық тағайындаулар шегiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық шарттарын тiркеудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн;

үш күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бекітілген жылдық жоспарлы сомалар шегiнде шығыстардың экономикалық жiктемесiне сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар шығыстарының жиынтық сметаларын қайта бөлу жөнiнде ұсыныстар тапсырсын;

бар кредиторлық берешектi, оның iшiнде өтелуiне қосымша қаражат бөлiнген өткен жылдардың берешегiн өтеу және оның одан әрi пайда болуына жол бермеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын;

бөлiнетiн бюджет ақшасының толық игерiлуi мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.

Ескерту. 8-тармақ 8,9-абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:

1) 2001 жылдың 10 қаңтарына дейiнгi мерзiмде зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру тәртібі жөнiнде ұсыныстарды;

2001 жылдың 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде жәрдемақы алу құқығы "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларымен анықталған азаматтарға Арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесін;

2001 жылдың 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесіп әзiрленген мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң жалақысы деңгейiнiң 2001 жылы төмендеуiне жол бермейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстарды;

2001 жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы ереженi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;

2) әлеуметтiк төлемдердiң, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша (оның iшiнде еңбекте мертiгуден және кәсiби аурудан), жүктiлiгi және туу бойынша, баланың туылуына, жерлеуге берiлетiн жәрдемақылар төлеу бойынша өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындауға бөлінген бюджет ақшасын игерудiң толық және уақытылы жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.

Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

10. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2001 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде мыналарды әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен:

Мемлекеттік азық-түлiк резервiн жаңалау үшiн астық сатып алу ережесін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;

Асыл тұқым өсiрудi және асыл тұқымдандыру iсiн сақтауға және дамытуға арналған бюджет ақшасын жұмсаудың ережесін бекiтсiн.

10-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1) Минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау ережесін 2001 жылғы 30 мамырға дейін мерзімде;

2) 2001 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде:

ұйымдастыру ережесі "Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 405 қаулысымен бекітілген бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін;

ауылдық несие серіктестіктерін кейіннен несиелендіру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына республикалық бюджеттен несие ресурстарын бөлу ережесін;

3) несиелендіру ережесі "2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 503 қаулысымен бекітілген 2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерді несиелендіру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін 2001 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде;

4)

5) 2001 жылғы 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде бұрын сатып алынған "Нива" комбайндары үшiн берешектi өтеу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң қарауына енгiзсiн.

Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

Ескерту. 10-1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

11. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2001 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде:

1) табиғат қорғау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға мемлекеттің үлестiк қатысуын қаржыландыру тәртібі туралы;

2) мынадай:

57 "Республикалық деңгейде табиғат қорғау объектiлерiн салуға және қайта құруға қатысу" бағдарламасы бойынша басым табиғат қорғау объектiлерiнiң бөлiнiсiнде 300 млн. теңге сомасында;

59 "Республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану, суағарларды салу және қайта жаңарту" бағдарламасы бойынша суағарларды салуға және қайта жаңартуға бағытталған 421 млн. теңге сомасында көзделген бюджет ақшасын бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

11-1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2001 жылғы 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 наурыздағы № 424 қаулысымен бекітілген 2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға жататын су шаруашылығы объектiлерiнiң тiзбесiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

12. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 157 қаулысымен бекітілген Бiлiм беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртібі туралы ереженi "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 25-бабына сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

13. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі 2001 жылдың 30 сәуіріне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға республикалық бюджетте көзделген 150 млн. теңге сомасындағы бюджет ақшасын бөлу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 31.03.2001 № 425 қаулысымен.

Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

13-1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2001 жылғы 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде 1000 млн. теңге сомасында 55 "Орталық мемлекеттік органдар объектiлерiнiң қосымша жүктемесiн іске қосу кезiнде энергетикалық қуаттылығын қайта жаңартуға және кеңейтуге қатысу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлесін және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

14. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларына тұрғын үй сатып алу ережесін әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

1991 жылдан бастап 1998 жылды қоса алғандағы кезеңде көшi-қон квотасы бойынша Қазақстан Республикасына келген репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттемелердi орындау жөнiнде, репатрианттарға бiр жолғы жәрдемақылар төлеу және көлiктiк шығыстарын өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

14-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы үшін 65 "Республикалық клиникаларда және ҒЗИ-да мамандандырылған медициналық көмек көрсету" бағдарламасы бойынша 150 000 мың теңге сомасында Республикалық қан орталығы үшiн "Плазмоферез орталығы" өндiрiстiк кешенін сатып алуға 47 "Республикалық деңгейде қан (алмастырғыштарын) өндiру" бағдарламасы бойынша 270900 мың теңге сомасында бюджет ақшасының қосымша бөлінуін көздесін.

Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

     Ескерту. 14-1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 N
              1493 қаулысымен.

15. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі 2001 жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегiн өтеудiң ережесін әзiрлесiн және белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

15-1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдарды жетілдіру және мемлекеттік қызметшілерді құқықтық оқыту жөніндегі қызметті консультациялық және ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстар жөніндегі есептемелер мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

15-2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі тізімдері "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369-А A қаулысымен бекітілген ұйымдар мен бюджеттік жіктеме кодтарының ерекшеліктері бөлінісінде Шикізат секторының ұйымдарынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің нақты түсімдері жөніндегі ақпаратты ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

Ескерту. 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

15-3. Алматы облысының әкімі, орталық атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар 2001 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде және 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру жөніндегі, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін көшіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қажетті есептеулер мен негіздемелерді және 2001 жылғы 20 қарашаға дейiн 250 млн. теңге сомасында қосымша бөлінетін қаражатты пайдалану жөніндегі есептеулер мен негiздемелердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

Ескерту. 15-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.05.2001 № 629 қаулысымен.

Ескерту. 15-3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 19.11.2001 № 1493 қаулысымен.

15-4. Астана қаласының солтүстік айналма жолының құрылысы жөніндегі жұмыстар бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылсын.

Ескерту. 15-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2001 № 1223 қаулысымен.

16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiн оларды iске асыру нысанын анықтай отырып бекiтсiн.

17. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1) 2001 жылдың 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде:

3-қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттік несиелердi (қарыз ақшаларды), сондай-ақ өткен жылдары құралған республикалық бюджет алдындағы басқа да борыштық мiндеттемелердi өтеуiнiң айлар бойынша кестесiн қалыптастыру;

қолданылып жүрген несие келісімдерiне өзгерістер енгізу және қажет болған жағдайда жаңа келісімдер жасау жөнiнде ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсiн;

2) 2001 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде белгіленген тәртiппен бекітілген жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң айлар бойынша сомасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсiн;

3) 2001 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде әлеуметтiк төлемдердiң барлық түрлерi бойынша кредиторлық берешектi түгендеудi жүргiзсiн;

4) мыналардың:

жәрдемақылар алуға "Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларымен анықталған азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы бойынша, оның iшiнде 2000 жылдың желтоқсанына есептелген төлемнiң;

жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң кiтапханалық қорын жаңарту үшiн оқулықтар сатып алуға және жеткiзуге арналған шығыстарды қаржыландырудың толық және уақытылы жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн;

5) 2001 жылдың ішінде 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде құралған кредиторлық берешектің толық өтелуін қамтамасыз етсін.

18. Орталық атқарушы органдар 2001 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

19. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      2000 жылғы 29 желтоқсандағы
                                      № 1950 қаулысына 1-қосымша

Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 26.02.2001 № 279; 31.03.2001 № 425; 1-қосымша жаңа редакцияда 12.05.2001 № 629; 12.06.2001 № 810; 26.06.2001 № 866; 02.08.2001 № 1017; 21.08.2001 № 1093; 12.09.2001 № 1182; 22.09.2001 № 1223; 22.09.2001 № 1222; 22.10.2001 № 1344; 22.10.2001 № 1346; 23.10.2001 № 1353; 19.11.2001 № 1493; 07.12.2001 № 1589; 27.12.2001 № 1709; 29.12.2001 № 1756 қаулыларымен.

Қазақстан Республикасының 2001 жылға арналған республикалық бюджеті

Санаты                             Атауы                       
  Сыныбы                                                       
    Ішкі сыныбы                                                
       Ерекшелігі                                              
  сомасы  
мың теңге 
          
          
    1   
                         2                            
     3    

 

391243591 
294758719 
 88337135 
 88337135 
 47948306 
  3100971 
  2047736 
          
          
  5034317 
          
 30205805 
          
          
   407732 
   407732 
          
          
   407732 
          
          
180178752 
          
134203500 
 61739600 
          
          
 72230900 
          
          
   233000 
          
          
          
 17955492 
   578730 
          
  1379050 
   176915 
          
   218002 
          
     9565 
          
     8995 
          
   503695 
   228650 
          
          
   100000 
          
          
          
  3109093 
          
    20458 
          
          
    94000 
          
  1383300 
          
  1279683 
          
  6461000 
          
          
          
  1155600 
          
          
    26131 
          
     3556 
          
     4092 
          
    53516 
          
    18599 
          
      323 
          
    78966 
          
    14524 
          
          
     2793 
          
          
          
   117375 
          
   302925 
          
          
    12129 
          
          
     3421 
          
   593901 
          
    36505 
          
 27216260 
          
   260410 
  1372000 
  3471722 
    96811 
          
   520000 
          
          
          
          
    43307 
   125100 
   149700 
          
          
 18601686 
          
          
  2575524 
          
          
          
   783500 
          
   776400 
          
          
          
     5000 
          
          
          
          
     2100 
          
 25252900 
          
 18618800 
 17649376 
   969424 
  6634100 
          
  6319100 
          
   315000 
          
   582200 
   582200 
 582200   
 59249602 
 39244059 
   390645 
          
          
          
   390645 
 38656314 
          
  6081660 
          
  2112534 
          
  5859889 
          
          
     7548 
          
          
   167538 
          
          
          
          
   174764 
          
   512344 
          
     7772 
          
          
   195000 
          
   566937 
          
     4300 
          
          
  1000000 
          
  4122250 
          
 17238500 
          
   184448 
          
    66200 
          
          
   120000 
          
   225804 
          
          
     8826 
          
          
   197100 
   197100 
          
          
          
          
  5307892 
          
  4063333 
  1246800 
          
    51433 
          
          
  2765100 
  1230520 
  1230520 
    14039 
          
    14039 
          
          
   793366 
   793366 
   493282 
          
          
   102419 
          
          
          
      566 
          
    92159 
     6500 
          
          
          
          
      240 
          
          
    98200 
          
 13904285 
 13904285 
    22432 
          
          
          
      300 
          
          
    10200 
          
          
 13871353 
          
 37235270 
 31488650 
 31488650 
 31488650 
          
  5746620 
  5746620 
   333220 
          
  5413400 
          
          
 84680417 
 84680417 
 84154977 
          
 84154977 
          
  3626197 
          
 28789886 
          
  2459852 
          
   887375 
          
  9855634 
          
 10629024 
          
  2105980 
          
 25801029 
   525440 
   525440 
   229050 
          
    74365 
          
    56804 
          
    73601 
          
    91620 
          
          
 13050958 
          
 13050958 
 10252510 
  6404000 
  6404000 
          
          
  2777824 
          
  2390136 
          
          
   319570 
          
    68118 
          
  1070686 
   787060 
          
   149900 
          
   133726 
          
  2798448 
          
  2798448 
          
  2798448 
          
 

Укажите название закладки

Создать новую папку