Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегі № 1476 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы
№ 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегі № 1476 қаулысы

ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482 қаулысымен осы қаулының күші жойылды


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 155 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

     Нәлібаев              - Қазақстан Республикасы Көлік және
     Әбдіқалық Зәкірұлы      коммуникациялар бірінші вице-министрі, төраға
 
     Арыстанов             - "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы
     Аркен Кеңесбекұлы       басқармасының төрағасы
 
     2) "Ержанов           - "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы
     Оразалы Сәнтайұлы       басқармасының төрағасы
 
     Дәмитов               - "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі"
     Нұрдин Базарұлы         ашық акционерлік қоғамының
                             басқарушы директоры"
 
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
 
     "Баймұратов           - "Қазақстан Халықтық Банкі" ашық
     Ерлан Оразгелдіұлы      акционерлік қоғамының басқарма
                             төрағасының орынбасары
 
     Дәмитов               - "Халық инвест" жабық акционерлік
     Нұрдин Базарұлы         қоғамы басқармасының төрағасы";
 
     3) көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын:
     Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Қанешев Біржан Бейсекенұлы.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку