Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1437 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1441 қаулысына толықтыру енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1437 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 443-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібіндегi:

3-тармақтың 1) тармақшасы «үйлерi» деген сөзден кейiн «дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi қалпына келтiрудi және әлеуметтiк бейiмдеудi жүзеге асыратын білім мекемелерi» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку