Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 422 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының білім ұйымдарының педагог және басқа
қызметкерлерін аттестациялау тәртібі туралы Ережені бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2000 жылғы 28 сәуірдегі № 422 Бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 ж. 18 қазандағы № 688 бұйрығына сәйкес осы бұйрығының күші жойылды

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын орындау мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау тәртібі туралы Ереже бекітілсін.

2. Жалпы орта білім департаменті (Р.М. Жұмабекова) заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-Министр Е. Арынға жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

Министрдің міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым

министрлігінiң

2000 жылғы 28 сәуiрiндегi

№ 422 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы білім ұйымдарының педагог және басқа

қызметкерлерiн аттестациялау тәртібі туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерiн аттестациялау олардың меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiби iскерлiкке ынталандыру, шығармашылық белсендiлiктi дамыту тәрбиеленушiлер мен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жауаптылығын көтеру және нарықтық қатынастар жағдайында педагогтардың еңбекақыларын жүйелеу жолымен әлеуметтiк жағынан қорғау мақсатында өткiзiледi.

Аттестация мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарының барлық жұмыс деңгейiн көтеруге педагог және басқа қызметкерлерiнiң қоғамдағы мәртебесi мен беделiн көтеруге, олардың жемiстi еңбектерiн моральдық және материалдық ынталандыру мүмкiндiгiн кеңейтуге ықпал жасайды.

2. Аттестациялаудың мiндетi - педагог және басқа қызметкерлерге олардың iскерлiк деңгейiне қарай біліктiлiк санаттары мен разрядтарын беру болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку