Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 431 және 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 10 шілдедегі № 1040 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 431 және 1999
жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 10 шілдедегі № 1040 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында темекі бұйымдарын өндірушілерге бірдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 130-құжат):

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Отандық темекі бұйымдары (фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)";

2) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 386-құжат;):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережеде:

2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"темекі бұйымдары (отандық өндірістің темекі бұйымдары: фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)".

2. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ.Тоқаев























 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку