Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы № 944 қаулысы (ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж. № 1269; 24.04.02 ж. № 470 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 26 маусымдағы № 944 қаулысы (ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж.
№ 1269; 24.04.02 ж. № 470 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 17.08.00 ж. № 1269; 24.04.02 ж. № 470 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:

реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1-жолмен толықтырылсын:

     "39-1 Субвенциялар  Қаржымині  тамыз  тамыз  қыркүйек мен
     бюджеттік алулар
     туралы                                                  ";

реттік нөмірі 46-жолдағы "Әзірлеуші" бағанындағы "Энергоиндустсаудамині" деген сөз "Ұлттық Банк (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2)

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:

3.3 Салық және бюджет саясаты бөлімінің 3.3.1 Салықтық-бюджеттік саясаттың тиімділігін арттыру және бюджет тапшылығын инфляциялық емес қаржыландыру бөлімшесінің 4-бағанындағы реттік нөмірі 3.3.1.26 "2000 ж. сәуір" деген сөздер "2000 ж. тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 

Укажите название закладки

Создать новую папку