Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы № 662 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы № 662

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

4-ші бағандағы реттік нөмірі 23-жолдағы "Президент Іс Басқармасының резерві" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:

     "30. Әкімшілік ғимарат          1232,3    Қазақстан Республикасының
          М. Әуезов көшесі, 59-үй              Сыртқы істер министрлігі".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі




Укажите название закладки

Создать новую папку