Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 наурыздағы № 456 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 29 наурыздағы № 456 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiнiң тұтастығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Тiзілім ұстаушы мемлекетке тиесілi бағалы қағаздардың бастапқы ұстаушысы болып табылады.»;

3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» және «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi № 951 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 34, 303-құжат):

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) «Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы» (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын»;

2-тармақта:

1) тармақшадағы «Кәсiпорындардың жарғыларына» деген сөздер «Кәсiпорынның жарғысына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «Кәсiпорындарды» деген сөз «Кәсiпорынды» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции