Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 13 наурыздағы № 386 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 13 наурыздағы № 386 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

20-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) жобаның экономикалық орындылығы және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша - Экономика министрлігімен;".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі




Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку