Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 252 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 252 қаулысы

Қазақстан Республикасының 07.08.02 ж. № 833 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі № 935 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., № 34, 298-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ережеде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады";

9-тармақ алынып тасталсын;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"10. Комиссияның жеке құрамын Комиссияның жұмыс органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді";

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"11. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне жүктеледі";

13-тармақтағы "мен хатшысы" деген сөздер алынып тасталсын;

15-тармақтағы "хатшысы" деген сөз "жұмыс органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

19-тармақ алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2000 жылғы

15 ақпандағы

№ 252 қаулысына қосымша

"Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

6 шілдедегі № 935 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның

құрамы

     Павлов                   - Қазақстан Республикасы
     Александр Сергеевич        Премьер-Министрінің бірінші
                                орынбасары, төраға
 
     Тілеубердин              - Қазақстан Республикасы Табиғи
     Алтай Абылайұлы            монополияларды реттеу, бәсекелестікті
                                қорғау және шағын бизнесті қолдау
                                жөніндегі агенттігінің
                                төрағасы (келісім бойынша)
 
     Котлов                   - Қазақстан Республикасының
     Андрей Николаевич          Әділет вице-министрі
 
     Қанешев                  - Қазақстан Республикасының
     Біржан Бисекеұлы           Көлік және коммуникациялар
                                вице-министрі
 
     Коржова                  - Қазақстан Республикасының
     Наталья Артемовна          Қаржы вице-министрі
 
     Сиврюкова                - Қазақстан Республикасының
     Валентина Андреевна        Еңбек және халықты әлеуметтік
                                қорғау вице-министрі
 
     Мұхамеджанов             - Қазақстан Республикасы
     Бектас Ғафурұлы            Премьер-Министрінің кеңесшісі,
                                Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің
                                президенті
 
     Қадамбаев                - Қазақстан Республикасы
     Тоқтарбай                  Мемлекеттік сатып алулар
     Қадамбайұлы                жөніндегі агенттігі төрағасының
                                орынбасары
 
     Елшібеков                - Қазақстан Республикасының
     Серікбек Кеңесбекұлы       Мемлекеттік кіріс министрлігі
                                Әкімшіліктендіру департаментінің
                                директоры
 
     Марзилович               - Қазақстан Республикасының
     Ольга Алексеевна           Энергетика, индустрия және сауда
                                министрлігі Өңдеу өнеркәсібі
                                және импортты алмастыру
                                департаментінің директоры
 
     Сағынтаев                - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
     Бақытжан Әбдірұлы          ЖАҚ басқармасының төрағасы
                                (келісім бойынша)
 
     Нәубетова                - Қазақстан Республикасының
     Рашида Аронқызы            Министрінің - Қазақстан Республикасы
                                Президентінің жанындағы Отбасы
                                және әйелдер істері жөніндегі ұлттық
                                комиссия төрайымының кеңесшісі
 
     Төлебаев                 - Қостанай облысының "Шағын бизнес
     Серік Шәмілұлы             орталығы" ЖАҚ-ның директоры (келісім
                                бойынша)
 
     Абт                      - Қарағанды облысы кәсіпкерлері
     Николай Викторович         ассоциациясының президенті
                                (келісім бойынша)
 
     Казанцев                 - Астана қаласы кәсіпкерлердің
     Павел Олегович             құқықтарын қорғау жөніндегі
                                ассоциациясының президенті
                                (келісім бойынша)
 
     Кононова                 - Ақмола облысы Сауда-өнеркәсіптік
     Татьяна Ильинична          палатасының төрайымы, Қазақстан
                                Республикасы Сауда-өнеркәсіптік
                                палатасы Төралқасы төрағасының
                                орынбасары (келісім бойынша)
 
     Сатабаева                - Павлодар облысы Сауда-өнеркәсіптік
     Райхангүл                  палатасының төрайымы (келісім
     Қайырбайқызы               бойынша)
 
     Оқаев Ермек Қабиұлы      - Қазақстан кәсіпкерлері форумы
                                кеңесінің төрағасы
                                (келісім бойынша)".
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку