Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1900 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N
796 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1900 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Ақмола облысының орталығын көшіруге байланысты босаған ғимараттарды және қызмет үй-жайларын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

4-бағандағы реттік нөмірі 25-жолдағы "Президент Іс Басқармасының резерві" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 

Укажите название закладки

Создать новую папку