Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) өзгерістер енгізу туралы 1999 жылғы 29 қарашадағы № 486-I Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім)
өзгерістер енгізу туралы 1999 жылғы 29 қарашадағы № 486-I
Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. 1999 жылғы 17, 20-22 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 17, 20, 22-24, 27 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 747-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.";

2) 751-баптағы ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын;

3) 760-баптың 1-тармағында:

бірінші бөліктегі ", бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақы төленетін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлік алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев

 

Укажите название закладки

Создать новую папку