«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 481-I Заңы (ҚР 09.01.03 ж. № 381-I Заңымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының кейбір баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 қараша № 481-I
(ҚР 09.01.03 ж. № 381-I Заңымен енгізілген өзгерістерімен)
2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-III ҚР Заңымен күші жойылды
ҚР 2003 ж. 9 қантардағы № 381-I Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат) 13-бабы 2-тармағының 1),2),3),5), және 6)тармақшаларының; 16-бабы 1),2),4),5) тармақшаларының; 17-бабы 1- тармағы 2) және 3) тармақшаларының 18-бабы 1) және 2) тармақшаларының қолданылуы 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
|
|
| Н. Назарбаев |
Документ утратил силу