Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 қарашадағы № 1667 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 6 қарашадағы № 1667 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережедегі:

     18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр Кеңсесінің мына қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:

     1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары;
     2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері;
     3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері;
     4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары;
     5) бас инспекторлары.

Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

     20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку