Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазандағы № 1570 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы №
878 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазандағы № 1570 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 931 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күші бар Жарлығына және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялау тәртібінің 25-тармағы алып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку