Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 1482 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 1482 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралыі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 7, 51-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жолдағы "Астана" сөзі "Көкшетау" деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:

"14-1. Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы, Астана қаласы".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 

Укажите название закладки

Создать новую папку