Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жедел басу баспаханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 маусымдағы № 803 қаулысы (ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

"Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 18 маусымдағы № 803 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде:

1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Кәсіпорын таратылғаннан кейін қалған мүлікті "Жеті жарғы" жабық акционерлік қоғамына жарғылық капиталын барабар көбейте отырып өткізуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат):

аталған қаулының қосымшасындағы:

реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын;

аталған қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешеленуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен:

реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;

2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысында:

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:

реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Н. Балғымбаев

 

Укажите название закладки

Создать новую папку