Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 614 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N
839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 614 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 922 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 30, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы:

     "Көшербаев Қырымбек       - Қазақстан Республикасының Білім,
     Елеуұлы                     мәдениет және денсаулық сақтау
                                 министрі, төрағаның орынбасары
     Бахмутова Елена           - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Леонидовна                  министрлігінің Бюджеттік
                                 департаменті директорының
                                 орынбасары
     Нұрқиянов Төлеухан        - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Мұратханұлы                 шаруашылығы министрі" деген
    жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Көшербаев Қырымбек       - Қазақстан Республикасының
     Елеуұлы                     Денсаулық сақтау, білім және
                                 спорт министрі, төраға
     Бахмутова Елена           - Қазақстан Республикасының
     Леонидовна                  Қаржы министрлігі Бюджеттік
                                 департаментінің директоры
     Нұрқиянов Төлеухан        - Қазақстан Республикасының
     Мұратханұлы                 Ауыл шаруашылығы бірінші
                                 вице-министрі - Мал дәрігерлік
                                 қадағалау комитетінің төрағасы";

Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

     Бейсенов Аманжол          - Қазақстан Республикасының Ішкі
     Мұсайынұлы                  істер вице-министрі
     Үәйісов Мерей Құрманұлы   - Қазақстан Республикасының
                                 Әділет вице-министрі
     Дүрімбетов Еркін          - Қазақстан Республикасының Бас
     Ермекұлы                    мемлекеттік санитарлық дәрігері
     Жәнгереев Амангелді       - Қазақстан Республикасының
     Әбдірахманұлы               Туберкулез проблемалары ұлттық
                                 орталығының директоры, хатшысы;

Балташ Молдабайұлы Тұрсынбаев, Нұрлан Алдабергенұлы Сәрсенбаев, Ерік Мұхамед-Хафизұлы Асқаров, Серік Тұрғынбеков көрсетілген құрамнан шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку