Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы № 18 наурыздағы № 257 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы №
68 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы № 18 наурыздағы
№ 257 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының атқарушы дирекциясы;".

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 қыркүйектегі № 1112 қаулысы;

2) "Салық қызметі органдарын әлеуметтік дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1205 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 35, 327-құжат);

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 403-31қ қаулысы;

4) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 ақпандағы № 117 қаулысы.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку