Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 шілдедегі № 1057 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997
жылғы 4 шiлдедегi № 1057 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

"Бурабай орман шаруашылығы Көкшетау облысы" деген сөздер "Бурабай" табиғи-сауықтыру кешенi, Солтүстiк Қазақстан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Мыналардың:

"Бурабай орман-аңшылық шаруашылығының флорасы мен фаунасының қызметiн жақсарту және оны қорғауды күшейту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1968 жылғы 5 тамыздағы № 496 қаулысының;

"Бурабай орман-аңшылық шаруашылығын қайта атау туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1983 жылғы 27 мамырдағы № 235 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Укажите название закладки

Создать новую папку