Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 ақпан № 170 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 ақпан № 170

ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) "Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Кеңес басшысының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Кеңес басшысының орынбасары";

2) "Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)";

     3) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку