Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Бухгалтерлік есепке алудың 9 стандарты. Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу (Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 ж. 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілген) (ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 Бұйрығымен күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөніндегі

Ұлттық комиссиясының

1996 жылғы 13 қарашадағы

№ 3 қаулысымен бекітілдi

Бухгалтерлiк есепке алудың 9 стандарты
Шетелдiк валютадағы операциялардыесепке алу
(ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымененгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығыменстандарттың бүкіл мәтіні бойынша "субъектілері", "субъектінің", "субъект", "нетто-инвестициялардың", "нетто-инвестициялар" деген сөздер "ұйымдары", "ұйымның", "ұйым", "таза инвестициялардың", "таза инвестициялар" деген сөздермен ауыстырылды

Мақсаты мен қолданылу өрiсi

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен1-тармақ өзгертілді

1. Бұл стандарттың мақсаты ұйым жасаған шетелдiк валютадағы операцияларды және ұйымның қаржы есептемесіндегі осы операциялармен байланысты ашылымдарды көрсету әдiстемесiн айқындау болып табылады.

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен2-тармақ өзгертілді

2. Стандарт мыналарды қарастырмайды:

шетелдік валютадағы операциялар және шетелдік бөлімшелердің ақшасын айырбастау нәтижесінде туындайтын түсімдер мен шығымдар ақшасының қозғалысы туралы есепке енгізу;

қызметiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жүзеге асыратын енгізу мақсатында оны бiр валютадан басқа валютаға аудару;

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен3-тармақ өзгертілді

3. Осы стандарт ұйымның қаржы есебiн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, яғни, қазақстандық теңгеден басқа валютаға аудару мақсатында оны қайта қарауды көздемейдi.

Айқындамалар

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен4-тармақ жаңа редакцияда

4. Бөлімшелер - ұйымның филиалдары, өкілдіктері, оның еншілес, бағынышты және бірлесіп-бақыланатын, оның ішінде шетелдік, яғни қызметін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен4-1-тармақпен толықтырылды

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку