Бухгалтерлік есепке алудың 12 стандарты. Күрделі құрылысқа арналған мердігерлік келісімдер (Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 ж. 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілген) (ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөніндегі
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 қарашадағы
№ 3 қаулысымен бекітілдi
Бухгалтерлiк есепке алудың 12 стандарты
Күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк
келісімдер
(ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Iс-әрекеттiң мақсаты мен саласы
1. Стандарт күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келісімдердiң орындалуына байланысты кiрiстер мен шығындарды анықтау және ашу ережесін сипаттайды, сондай-ақ құрылыс жұмыстары жүргiзiлетiн есептi кезiнде оларды бөлудің тәртібін анықтайды.
2. Стандартты мердiгерлермен қаржылық есеп беру нәтижесiне көрсету және дайындау үшiн күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келісімдер жөніндегі нәтижелерi қаржылық есеп беруге дайындау және ұсыну үшiн мердiгерлер қабылдайды.
Анықтау
3. Күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келісім дегенiмiз* тапсырыс берушiнiң тапсырмасы бойынша мердiгер өзiнiң тәуекелдiгi бойынша құрылыс жұмыстарын тапсырушының мiндетi бойынша орындауға мiндеттi, ал тапсырушы орындалған жұмысты қабылдау мен төлеуге мiндеттi. Келісім бiр объектi бойынша да, олардың жобалауы мен жұмсауы жағдайына тiкелей өзара байланысқан және өзара тәуелдi. Сонымен қатар, құрылыс мердiгерiнiң келісімдерi қызмет көрсету бойынша құрылыс объектiлерiмен тығыз байланысты жұмыстарды қосуына болады /яғни объектi басшылары мен сәулетшiлердiң қыр көрсетуi және т.б./
* Ескерту: Одан ары "Құрылыс мердiгерлiгi шарты"
4. Құрылыс мердiгерлiгiнiң бекітілген бағамен келісімi, бұл - екi жақтың құрылыс жұмыстарына нақты бағамен келісілетiн келісімi немесе атқарылатын жұмыстың бiр өлшемiне шаққанда белгiленген құн.
5. Келісім бағадағы құрылыс мердiгерлiгi бұл - жеткiзушiнiң тiкелей құрылыс жұмыстарын атқарумен байланысты, тапсырушы рұқсат еткен сомадағы шартта ескертiлген сыйақыларды қоса есептегендегi нақтылы шығындарының орнын толтыру шарты.
Нысандар шарттары бойынша және құрылыс
мердiгерлiгiнiң шарттар тобы
Документ утратил силу
Демо – версия документа