Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Бухгалтерлік есепке алудың 2 стандарты. Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар (Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 ж. 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөніндегі

Ұлттық комиссиясының

1996 жылғы 13 қарашадағы

№ 3 қаулысымен бекітілдi

ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығымен күші жойылды

Бухгалтерлiк есепке алудың 2 стандарты
Бухгалтерлiк баланс және қаржы есептеріндегі
негiзгi ашылымдар
Мақсаты және қолданылу өрiсi

1. Қаржы есептемесi бухгалтерлiк баланстан, қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептен, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен, оларға берiлген түсiнiктеме жазбахаттан және басқа да қосымша ақпараттан, кестелер мен диаграммалардан тұрады.

2. Қаржы есептемесiнiң мақсаты пайдаланушыларды ұйымның* қаржы жағдайы, оның қызметi және есептi кезеңдегi оның қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

3. Стандарт қаржы есептеріндегі активтердiң, меншiктi капитал мен мiндеттемелердiң мәнiсi мен көрсетiлуiн айқындайды да, оларға баға берудiң негiзiн қарастырмайды. Стандарт қаржы есептемелерiн тапсыру кезiнде ашылуға тиiстi ақпаратқа қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл талаптар бухгалтерлiк есептiк өзiндiк ерекшелiктерi бар мәселелерiн қамтитын бухгалтерлiк есептiк басқа стандарттарына енгiзiлген ашылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес толықтырылуы мүмкiн.

4. Қаржы есептерiнiң ашылымы пайдаланушыларға өздерiнiң көрсеткiштерiн дұрыс бағалап, негiзделген экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажет.

5. Министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісім бойынша өз жүйесiнiң заңды тұлғалары үшiн үлгi нысандарға қосымша қаржы есептерiнiң мамандандырылған нысандарын белгiлей алады.

6. Заңды тұлғалар (Банктер мен бюджеттік мекемелерден басқалары) қаржы есебiн әзiрлеу және ашу кезiнде осы стандарттың талаптарын орындауы тиiс.

Қаржы есептерiнде ашылатын ортақ ақпарат

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку