«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту
жөніндегі бiрiншi кезектi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы
Күрделi эпидемиологиялық жағдайды еңсеру, дәрiгерлiк қызмет көрсету сапасын түбiрiмен жақсарту, көрсетiлетiн қызметтер көлемiн ұлғайту және азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын iске асыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) бес жасқа дейiнгi балалардың жаппай иммунитетiн нығайтуға дереу кiрiсетiн болсын;
2) жаңа туған сәбилерге Б вирустық гепатитiне қарсы вакцина егу бағдарламасын iске асыруға, ал дерттену мейлiнше көп тараған аймақтарда - балаларға А вирустық гепатитiне қарсы вакцина егуге кiрiссiн;
3) 1998 жыл iшiнде туберкулезге шалдыққан науқастарды Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдiстеме бойынша емдеу бағдарламасын енгiзсiн;
4) жаңа туған сәбилердiң жыл сайын иммунитетiн нығайтумен толық қамтылуын қамтамасыз етсiн;
5) осы мақсаттарға арнап қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
1) өнеркәсiп орындарының атмосфера мен суға тасталатын қалдықтарының жол берiлетiн деңгейiне қойылатын талаптарды қатайтуды;
2) халықты ауыз сумен жабдықтаудың дәйектi түрде жақсартылуын;
3) қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудiң жетiлдiрiлуiн;
Демо – версия документа