Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» және «Республикалық ұлан туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 маусымдағы № 140-1 Заңы

"Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi туралы" және
"Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 маусымдағы № 140-1 Заңы

Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар мына Жарлықтарына өзгерістер енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат):

5-баптың бiрiншi азатжолындағы "Республикалық ұланның күштерi мен құралдарын қатыстырып" деген сөздер алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат):

10-бапта:

1) тармақшадағы "Күзет қызметiнiң басшылығымен" деген сөздер "Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы "Республика Президентінің Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздер алып тасталсын;

12-бапта:

2-тармақтағы "2. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi жөнiнде жалпы әскери жарғыларда көзделген тәртiп жөніндегі билiгiн толық көлемiнде пайдаланады" деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақ енгiзiлсiн:

"3. Республикалық ұланның Қолбасшысы Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдарында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында көзделген құқықтарды пайдаланады."

Қазақстан Республикасының Президентi

Укажите название закладки

Создать новую папку