Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 58 Заңы

Қазақстан Республикасының Су кодексiне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы
24 желтоқсандағы № 58 Заңы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 31 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 149-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 4-бапта:

1-тармақтағы "тек қана" деген сөздер алынып тасталсын;

3-тармақ алынып тасталсын;

4 және 5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелсiн.

2. II тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"II тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының су қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi".

3. 7-бапта:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретi":

бiрiншi азат жолындағы "Жоғарғы Кеңесiнiң" деген сөздер "Парламентiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

екiншi, үшiншi, бесiншi азат жолдар алынып тасталсын.

4. 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың құзыретi".

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiндегi жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:

суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу;

судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау" .

5. 9 және 10-баптар алынып тасталсын.

6. 12-баптың он екiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

"жердiң үстiңгi қабаты мен жер астындағы көздерден алынған су ресурстары үшiн төлем ставкаларын белгiлеу".

7. Мынадай мазмұндағы 14-1 бабымен толықтырылсын:

"14-1 бап. Поселке, ауыл (село) әкімінiң құзыретi.

Тиiстi елдi мекендердiң аумағындағы поселке, ауыл (село) әкімінiң қарауына мыналар жатады:

суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу;

судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау".

8. 47-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы өндiрiп алудың тәртібі мен шартын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi".

9. 52-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

10. 54-баптың 2-тармағының үшiншi азат жолындағы "халық депутаттарының облыстық Кеңестерi" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

11. 55-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

12. 56-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

13. 123-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"123-бап. Су қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық шарттар.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, суды пайдалану мен қорғаудың осы Кодексте жазылғандардан өзгеше тәртібі белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады".

Қазақстан Республикасының

Президентi

Укажите название закладки

Создать новую папку