Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Темір жол қызметіне арналған тарифтер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1996 жылғы 26 тамыз № 1054 (күші жойылды)

Темір жол қызметiне арналған тарифтер туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 26 тамыз № 1054

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды


"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы № 56 қаулысын орындау үшiн /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 3, 17-бап/ Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі 1996-1997 жылдары мемлекетаралық және республикаiшiлiк қатынастарда темір жол жүктерiн тасымалдауға арналған бiрыңғай тарифтерге кезең-кезеңмен өтудi қамтамасыз етсiн.

Республикаiшiлiк қатынастардағы темір жол жүктерiн тасымалдауға арналған тарифтер:

     I кезең : 1996 жылғы 1 қазаннан бастап - 9 процентке;
     II кезең : 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап - 9 процентке;
     III кезең : 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап - 9 процентке;
     IҮ кезең : 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап - 7 процентке;

Ү кезең : 1997 жылғы 1 қазаннан бастап - 8 процентке өсiрiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку