Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 19 қазандағы № 1171 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 12 наурыз № 301 (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылдың 19
қазандағы № 1171 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 12 наурыз № 301

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды


Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және табиғи монополияшы субъектiлердiң қызметiне бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:

"Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 44, 474-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

1-тармақтың үшiншi абзацындағы "су шаруашылығы жүйелерiн" сөздерiнен кейiн "аэронавигацияны, әуе қозғалысын басқаруды" сөздерiмен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку