Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Заң күші бар Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 2283 Жарлығы

Заң күші бар Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 2283 Жарлығы


"Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметін ретке келтіру мақсатында қаулы етемін:

I. Қазақстан Республикасының заң актілеріне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 286-құжат; № 24, 591-құжат):

1-баптың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік шекарасын қорғайды" деген сөздер алып тасталсын;

6-баптың бірінші бөлігіндегі "және мемлекеттік шекараны қорғау" деген сөздер алып тасталсын;

8-бап "ішкі" деген сөзден кейін "және шекара" деген сөздермен толықтырылсын;

10-баптағы "шекара әскерлері және" деген сөздер алып тасталсын;

11-баптың бірінші бөлігіндегі "шекара әскерлеріне" деген сөздер алып тасталсын;

13-1-баптың күші жойылған деп танылсын;

13-2-бап 13-1-бап деп есептелсін;

14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Шекара әскерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауда көмек көрсетеді";

21-баптың бесінші абзацындағы "шекара әскерлері" деген сөздер алып тасталсын;

26-баптың тоғызыншы бөлігіндегі "және мемлекеттік шекараны қорғау" деген сөздер алып тасталсын;

28-баптың бірінші бөлігіндегі "шекара әскерлерін және" деген сөздер алып тасталсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку