Заң күші бар «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы 7 қараша № 2606
Заң күшi бар "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң
мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы
7 қараша № 2606
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 4-бапта:
үшiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi "мемлекеттік органдарға" сөздерiмен алмастырылсын;
төртiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер" сөздерi "мемлекеттік органдар" сөздерiмен алмастырылсын.
2. 5-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Әскери қызметшiлер партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында болмауға, қандай да бiр партияны жақтамауға тиiс".
3. 8-бапта:
алтыншы бөлiгiндегi "халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi" сөздерi "атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;
сегiзiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi немесе Президентi" сөздерi "Қазақстан Республикасының заңдары" сөздерiмен алмастырылсын.
4. 9-бапта:
тоғызыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпыәскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi";
оныншы бөлiгi алынып тасталсын.
5. 11-бапта:
Демо – версия документа