Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар кейбір Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2720 Заң күші бар Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар
кейбір Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы
23 желтоқсандағы № 2720 Заң күшi бар Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

I. Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар мынадай Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 14, 93-құжат):

1) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Лицензиялар (патенттер) иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды";

2) 9-бапта:

бiрiншi бөлiгi 1-тармақ болып саналсын;

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату";

6) тармақшада "өндiру" және "көму" сөздерi алынып тасталсын;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу";

23) тармақшада "iшкi өндiрiстiк мақсаттағы" сөздерiнен кейiн "сондай-ақ курьер қызметтерiн" сөздерiмен толықтырылсын;

29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"29) минералдық шикiзатты ұқсату";

32) тармақшада "сақтау және сату" сөздерi алынып тасталсын;

     33), 35), 36) тармақшалары алынып тасталсын:

34) тармақшасы 33) тармақшасы болып саналсын және "барлау, өндiру" сөздерi алынып тасталсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку