Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Салық заңдары мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы № 2488 Жарлығы

Салық заңдары мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне және
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар Жарлығына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшi бар Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы
№ 2488 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, салықтық емес заң актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарынан салық ережелерiн алып тастау мақсатында, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Жарлығының шығуына байланысты қаулы етемiн:

1. Мынадай заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Қазақ ССР адвокатурасы туралы Ереженi бекіту туралы" 1980 жылғы 13 қарашадағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1980 ж., № 48, 188, 189-құжаттар; 1991 ж., № 28, 382-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 179-құжат) 19-1-бабының үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi және 32-бабының оныншы бөлiгi алынып тасталсын.

2. "Шаруа шаруашылығы туралы" 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 309-құжат; 1993 ж., № 8, 183-құжат):

7-баптың 5-тармағының бірiншi абзацындағы "салық және басқа жеңiлдiктер" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктер" сөздерiмен алмастырылсын;

16-бап алынып тасталсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку